378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдікпен қала тұрғыны ұсталды

  • 293
  • UPD: 11:46, 19.02.2019

Шымкентте ерлі-зайыпты кәсіпкерлерді өлтірді деген күдікпен 27 жастағы қала тұрғыны қолға түсті. Ер адам жедел іздестіру шаралары барысында ұсталды. 

Жантүршігерлік оқиға 6 ақпанда түнде Байтұрсынов көшесіндегі шағын ауданда болған. Қаруланған адам үйге терезені сындырып кірген. Кейін олар 64 жастағы үй иесі мен оның 62 жастағы әйелін өлтірген. Ерлі-зайыпты пышақ және оқ жарақатынан қаза тапты. Ер адамға 12 рет пышақ салған. Ажал құшқан кәсіпкер - құрылыс компаниясының құрылтайшысы болған. Полиция қызметкерлерінің хабарлауынша, қолға түскен күдікті өз кінәсін мойындады. Оған заттай айғақтар дәлел болды.

«Соталды тергеу жалғасып жатыр. Күдікті қамалды», - деп хабарлайды полиция өкілдері.

Алматыда алаяқтық дерегі бойынша қала тұрғыны ұсталды

Алматы қаласы Медеу аудандық ішкі істер басқармасының қызметкерлері бірнеше алаяқтық деректерге қатысы бар 35 жастағы Алматы облысының тұрғынын ұстады. Ол кәсіпкермін деп жалған ақпарат таратып, «ортақ бизнес жасауға мүмкіндігім мол» деп таныстарының ақшаларын қолды қылған. Одан кейін жалған кәсіпкер уәдесінде тұрмай ұшты күйлі жоқ болып кеткен. Әр жерде қашып жүрген алаяқты полиция қызметкерлері іздеп жүріп қолға түсірді. Қазір күдікті азамат уақытша қамауға алынды. Оның үстінен қылмыстық кодекстің 190-шы бабының 3-тармағы бойынша іс қозғалды. Алаяқтың қылмыстары дәлелденсе, ол 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі:

- Біздің пайымдауымызша жәбір шеккендердің саны бұданда көп болуы мүмкін. Бір субьективті себептерге байланысты біреулер полицияға шағымданбаған болар, сондықтан  осы адамды танып одан зардап шексеңіз 254-48-70, 254-48-71 телефондарына хабарласқаныңыз жөн.

Павлодар облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тауып, төрт жолаушы зардап шекті. Қайғылы оқиға кеше Омбы-Майқапшағай тас жолында болған. Павлодардан 43 шақырым жердегі Набережный ауылының маңында Ford және Honda автокәліктері соқтығысқан. Соққы салдарынан Honda жеңіл көлігі бірнеше бөлікке бөлініп кеткен. Онда отырған қос жолаушы оқиға орнында қайтыс болды. Жүргізушілер мен Ford көлігінде отырған екі жолаушы әр түрлі дене жарақатымен Павлодар ауруханасына жеткізілді», - деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері. Олардың бас сұйек миы зақымдалған. Зардап шеккен төрт адамның жағдайын дәрігерлер орта деңгейдегі ауырлық деп бағалап отыр.

Қарағанды ауа райына байланысты жол апаты көбейген

Қарағандыда қолайсыз ауа райының салдарынан бір күннің ішінде оннан астам жол көлік оқиғасы тіркелді. Тас жолдардағы көктайғақ пен бұрқасын апат санының өсуіне себеп болды. Абырой болғанда адам шығыны жоқ, тек екі жолаушы дене жарақатын алған. Ал демалыс күндері облыстық тас жолдарда болған ірі көлік апатынан 4 адам қаза тауып,  5-і жарақаттанды, деп хабарлайды Қарағанды облысының полиция департаменті.

Алматы әуежайында ұшақтың есігі зақымдалды

Алматы халықаралық әуежайында Алматы-Астана бағыты бойынша ұшуға дайын тұрған әуе рейісі тоқтатылды. Себебі Bek Air әуек омпаниясына тиесілі Фоккер-100 ұшағына  жолаушыларды отырғызып, олардың жүктерін тиеп жатқан  кезде жүк салу есігі  бүлінген.  Осының салдарынан жолаушылар Астанаға  бір сағатқа кешігіп, басқа ұшақпен  ұшуға мәжбүр болды. Бұл төтенше жағдай бойынша қазір тексеру-тергеу жұмыстары басталып кетті деп хабарлайды,  Алматы Халықаралық әуежайының баспасөз қызметі. «Осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы