377,65 427.65 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да қар құрсауынан 60-тан астам көлік құтқарылды

  • 302
  • UPD: 14:17, 19.02.2019
БҚО-да қар құрсауынан 60-тан астам көлік құтқарылды

Батыс Қазақстан облысында ауа-райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды. Төтенше жағдайлар департаменті өңір тұрғындарына таратқан хабарламаларға қарағанда аймақта қатты бұрқасын мен көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 20 метр дейін жеткен.

Өткен тәулікте облыс аумағынан 24 мың  текше метрден астам қар шығарылды. Бүгін түнде облыс аумағында қар құрсауынан 60-тан астам көлік шығарылып, 211 адамға көмек көрсетілген. Бүгін таңда жолдардың дені ашылды. Дегенмен, боранға байланысты  республикалық маңызы бар «Тасқала-РФ шекарасына» дейінгі және Самара бағытындағы 2 жол әлі жабық ,- дейді мамандар. 

Аңсарбек Рахматуллин, «Қазавтожол» ЖШС облыстық филиалының бөлім басшысы:

- Техникалар жұмыс жасап жатыр, түннен бастап осы таңнан бастап барлық қолымыздағы техника, бәрі шықты жолда жүр, рабочилар бәрі. Мониторинг дейді солай қарап тұрамыз, қай жерге дейін видимость бар, сол жерге дейін ашамыз да қалғанын ашпаймыз.

Хабар 24 телеарнасы