378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда ер адамдар әйелді буындырып, тонын шешіп алып кетті

  • 275
  • UPD: 11:49, 21.02.2019
Алматыда ер адамдар әйелді буындырып, тонын шешіп алып кетті DonPress.com

Алматыда ер адамдар әйелді буындырып, үстіндегі құндыз тоны мен сөмкесін алып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қылмыс тұрғын үйдің кіреберісіне орнатылған видеокамералардың біріне түсіп қалған. Оқиға 15 ақпан күні түнгі сағат 01:35-те болған. Видеода әйел адам үйлердің арасымен келе жатқаны көрінеді. Артынан ер адам ілеседі. Кейін ол әйелді буындырған күйі көзден таса жерге сүйреп әкеліп, жерге жатқызады. Оның есінен таңғанына көз жеткізген соң қолын босатып, үстіндегі тонын шеше бастайды.

Қылмыскердің сыбайласы болса әйелге шабуыл жасалған жерде қалып қойған сөмкені алып келеді. Әйел адам сол күйі қардың үстінде қалады. Қалалық полиция оқиғаға байланысты түсінік берді.

«35 жастағы әйелге жасалған шабуыл бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК 192-бабымен сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Осы мақсатта жедел тергеу тобы құрылды. Кешенді шаралар жүргізіліп жатыр. Кінәлі адамдар табылып, жазаланады», – деді Полиция департаментінен.

Полиция мәліметіне сәйкес, әйелдің денсаулығына айтарлықтай зақым келмеген. Ол дәрігерлерге жүгінбеген.

Хабар 24 телеарнасы