378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тараз маңында 4 адам ажал құшқан жол апатының куәгерлері іздестіріліп жатыр

  • 344
  • UPD: 17:20, 21.02.2019
Тараз маңында 4 адам ажал құшқан жол апатының куәгерлері іздестіріліп жатыр

Жамбыл облысында жол апатынан 4 адам көз жұмды.

Бұл жөнінде облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Жантүршігерлік оқиға Байзақ ауданында Көктал ауылынан бір шақырым жерде болған. Тараз-Мырзатай тасжолында «Ниссан Максима» мен «Ауди-80» автокөліктері бетпе-бет соқтығысқан. Салдарынан «Ауди» жеңіл көлігінің жүргізушісі және ішіндегі 3 жолаушы оқиға орнында қайтыс болды. Ал екінші темір тұлпар өртеніп кетті. Облыстық полиция департаменті берген мәлімет бойынша өртенген көліктің жүргізушісі тізгінді игере алмай, қарама-қарсы бетке шығып кеткен көрінеді. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тәртіп сақшылары оқиға куәгерлерін іздестіріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы