378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда әйелді естен тандырып тонап кеткендер іздестірілуде

  • 351
  • UPD: 10:10, 22.02.2019

Алматы қаласы Жетісу ықшамауданында 35 жастағы әйелге қарақшылар шабуыл жасаған. Бұл жөнінде Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлері мәлімдеді. Түн ортасында болған оқыс оқиға аулада орнатылған бейнекамераға жазылып қалған. Қазіргі таңда осы дерекке қатысты Әуезов аудандық ішкі істер басқармасында ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы бойынша іс қозғалып, арнайы тергеу тобы құрылды. Абырой болғанда, жәбірленуші ауыр жарақат алмаған. Медициналық көмекке жүгінуден бас тартыпты.

Салтанат Әзірбек, қалалық полиция департаментінің ресми өкілі:

- Бұл күдікті азаматтарды айқындап, оларды ұстауға бағытталған іс-шаралар жүргізілу үстінде. Олардың енді, мән-жайлары жария етілмейді, әбдән қылмыс ашылмайынша. Олардың аты-жөндері айқындалу үстінде. Заңмен көзделген жазасын міндетті түрде тартатын болады. Қазіргі таңда келтірілген материалдық шығынның мөлшері де анықталу үстінде.

Атырауда шетелдіктер жауапқа тартылды

Атырау облысы бойынша «Заңсыз келуші» жедел іс-шарасы жүріп жатыр.    Жалпы, шара басталғалы бері ел аумағында шетелдіктердің келу, жүру ережелерін бұзу бойынша 243 факті анықталып, 227 шетелдік азамат жауапқа тартылды. Оның ішінде заңсыз жұмыс істегені үшін 140 тұлғаға хаттама толтырылса, шетелдік еңбек күшін заңсыз пайдалаған 29 Қазақстан азаматы да тәртіпке шақырылды. Олар айыппұл төлейді.

Болат Досқалиев, облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының басшысы:

- Қала аумағындағы Атырау жастар және оқушылар сарайы салынып жатқан құрылысты тексеру барысында 56 шетел азаматы анықталды, барлығыда Өзбекстан республикасының азаматтары. Бұлардың келу мақсаттары жеке сапармен келіп біздің облыста жұмыс жасап жатқаны анықталды. Осыған сәйкес осы барлық 56 адам, шетел азаматына хаттама толтырылып ары қарай мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданып шарасын қабылдау хаттамасы толтырылып жіберілді.

Түркістан облысында жыл басталғалы бері үш айдың ішінде  иіс тиіп, 19 адам қайтыс болған. 45 өрт оқиғасы тіркелген. Осы орайда өрт қауіпсізідігі ережелерін сақтау мен иісті газдан уланудың алдын алу үшін тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы мақсатқа облыстың ауыл-аудандарында арнайы жұмыс топтары құрылды. Олардың құрамында азаматты қорғау, әкімдік қызметкерлері, газ, жарық және жылу саласына жауапты мамандар бар. Тек бір ғана азаматты қорғау мекемесінен екі күнде 800-дей адам үгіт-насихат жұмыстарына қатысты. Олар 51 мың тұрғын үйді аралап, 175 мың адамға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді. Үгіт-насихат шаралары облыстың аудан, ауылдарында әлі де жалғасып жатыр.

Нұрғали Жүнісов, облыстық ТЖД басшысы:

- Егер де осы аралап жатқан үйлерде ақаулар, кемшіліктер болатын болса, азаматты қорғау қызметкерлері және осы топтың мүшелерімен бірлесіп, кемшіліктерді сол жерде жоюға атсалысып жатыр. Облыс тұрғындары арасында қайғылы жағдайды болдырмау мақсатында үгіт-насихат жұмыстары ары қарай да жалғасын табатын болады. 

Таразда құқық бұзған азаматтарға бір күнде 2 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Қазір шаһарда «Борышкер» жедел алдын алу шарасы жүріп жатыр. Шара басталғалы полицейлер 400-ге жуық әкімшілік құқық бұзу дерегін анықтап, тәртіп бұзған жүздеген тұлғаны жауапқа тартты. Салынған айыппұлдың 1 миллион 300 мың теңгесі өндіріліп, мемлекет бюджетіне құйылды. Сонымен қатар қарызын төлемей жүрген 10 тұрғынның автокөлігі арнайы айыптұраққа жабылды.

Хабар 24 телеарнасы