378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да газ баллондағы ақаудан ер адам қаза тапты

  • 202
  • UPD: 09:47, 25.02.2019
СҚО-да газ баллондағы ақаудан ер адам қаза тапты

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны газ баллонындағы ақаудан шыққан өртте көз жұмды.

«24 ақпан күні 21:00-де өрт сөндіру қызметіне Солтүстік Қазақстан облысы Ш.Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылындағы жеке үйде өрт шыққаны туралы хабарланды. Газ баллонының редукторындағы ақау салдарынан газ ауамен араласып, оның арты өртке ұласқан. Үйдегі жиһаздар өртенген, жалын 12 шаршы метр ауданды шарпыған», - делінген хабарламада. Өрт сөндірушілері 21:37-де тілсіз жауды ауыздықтап, 21:56-да толықтай сөндірді. Апат кезінде күйік шалған 1964 жылғы ер адам жедел жәрдем көлігінде қайтыс болған. Өртті сөндіруге Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің 5 қызметкері және 2 техникасы жұмылдырылды.

Хабар 24 телеарнасы