378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда жолаушылар автобусы мен үш жеңіл көлік соқтығысты

  • 237
  • UPD: 13:06, 25.02.2019
Қарағандыда жолаушылар автобусы мен үш жеңіл көлік соқтығысты regnum.ru

Қарағандыда екі жол талғамайтын көліктер өзара соқтығысып, салдарынан автобус пен тағы бір көлікті қағып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

25 ақпанда Қарағанды қаласының Көгілдір тоған шағынауданында 39 жасар «Toyota Highlander» автокөлігінің жүргізушісі «Mitsubishi Pajero» көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Алдын ала болжам бойынша, бірінші көліктің жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, жолдың қарсы жолағына шығып кеткен. Салдарынан 4 көлік соқтығысқан, оның ішінде бір автобус бар. Зардап шеккен 3 адам облыстық медициналық орталыққа жеткізілді.

Полиция жол апатына қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы