378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында барымташылар ұсталды

  • 224
  • UPD: 16:10, 25.02.2019

Тәртіп сақшыларының айтуынша, олар бірнеше топқа бөлініп жұмыс істеген. Біріншісі, далада жайылып жүрген 14 бас ірі қараны ұрласа, екінші топ ауыл-ауылды аралап, қорада тұрған малды қолды қылған.

Ал тағы бір топ өрістегі үйір-үйір жылқыны айдап кетіпті. Келтірілген шығын көлемі бірнеше миллион теңгеге бағаланып отыр. Тергеу барысында барымташылар тобының Павлодар облысы аумағындағы 16 ұрлыққа да қатысы бары анықталды.

Жаңатай Сембеков, облыстық полиция департаментінің басқарма басшысы:

- Полиция қызметкерлерімен барымташылардың үш тобы ұсталып, 10 күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың іс-әрекетінің шығыны миллион теңгеден асады. Атап айтар болсақ, «Барымта» жедел алдын алу шарасы барысында бұрын болған 20 қылмыс ашылып, сонымен қатар рейдтік іс-шаралар арқылы мал етін заңды құжатсыз тасымалдаудың 23 фактісі анықталды. Барлық фактілер бойынша кінәлілер ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 406-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Хабар 24 телеарнасы