378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда пара алу күдігімен МКД-ның тағы бір басшысы ұсталған

  • 242
  • UPD: 16:13, 25.02.2019

Ертіс өңірінде мемлекеттік кірістер департаментінің екі маманы пара алды деген күдікпен ұсталды. Облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының міндетін атқарушы Қуат Белгібаев пен аталған мемлекеттік мекеменің басқарма басшысы Мұрат Жанғазин екі айлық мерзімге үй қамауға алынды.

Кей ақпарат көздері таратқандай, пара көлемі 200 мың долларды құраған. Айта кетейік, Қуат Белгібаев 1977 жылы туған, үш баланың әкесі. Кірістер департаментінде еңбек еткеніне бір жыл болған.

Маржан Құрманғалиева, облыстық сот баспасөз қызметінің маманы:

- Ұстап алу негіздері және бұлтартпау шарасын таңдау болып ҚР Қылмыстық кодексі 366-бабының 3-бөлігінің 1,2-тармақтары болып табылады. Ол адамдар тобының алдын алу сөз байласуы, қорқытып алу жолымен пара алу.

Хабар 24 телеарнасы