378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыдағы травматология орталығында өрт шығып, 22 науқас құтқарылды

  • 231
  • UPD: 13:07, 26.02.2019
Қарағандыдағы травматология орталығында өрт шығып, 22 науқас құтқарылды

Қарағандыдағы Мақажанов атындағы клиникада өткен түнде өрт шығып, ем алып жатқан 20 науқас құтқарылды.

Медбикенің бөлмесінен басталған қызыл жалын аурухананың біраз аумағын шарпыған. Тілсіз жауды ауыздықтауға 50 адам жұмылдырылды. Науқастар жедел жәрдем көлігімен өзге ауруханаға жеткізілді. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Шамамен 40 минутта өрт сөндірілді.

Хабар 24 телеарнасы