389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаңаөзен тұрғыны есірткімен ұсталды

  • 817
  • UPD: 14:12, 26.02.2019
Жаңаөзен тұрғыны есірткімен ұсталды

Жаңаөзен қаласының тұрғыны есірткімен ұсталды. Оқиға 25 ақпанда кешкі уақытта тіркелді.

Күдікті мінген жеңіл көлікті тоқтатуға арнайы жасақ жұмылған. Тінту кезінде оның қалтасынан марихуана оралған түйіншек пен рецепсіз босатуға тыйым салынған екі қорап дәрілік препарат табылды. Есірткі затының салмағы 100 грамнан асады. Осы дерекке қатысты Кодекстің 296-бабы 3-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Қала тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Авторы: Талғат Исламұлы

Хабар 24 телеарнасы