378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында пойыз жүк көлігімен соқтығысты

  • 207
  • UPD: 17:03, 26.02.2019
Павлодар облысында пойыз жүк көлігімен соқтығысты

Павлодар облысы Шарбақты ауданында теміржол құрамының жүк көлігін соғуынан бір адам зардап шекті.

«Шарбақтыдағы жол-көлік оқиғасы 09:20-да болды. Жедел жәрдем үш минутта - 09:23-те барды», - деп мәлім етті Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева. Оның айтуынша, теміржол өткелінде жүк көлігі пойызбен соқтығысқан.

«Зардап шегуші 1975 жылы туған Шарбақты тұрғыны. Ол «Шығыс жолдары» ЖШС-да жүргізуші болып жұмыс істейді. Диагнозы: көкірек қуысы жарақаты, жабық бас сүйек-ми зақымы, ми шайқалуы», - деді Эльмира Темірғалиева. Ол Шарбақты аудандық орталық ауруханасына жеткізілді.

Хабар 24 телеарнасы