378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тараздағы жарылыстан зардап шеккен үш адам дәрігерлер бақылауында

  • 297
  • UPD: 11:28, 27.02.2019
Тараздағы жарылыстан зардап шеккен үш адам дәрігерлер бақылауында

Тараздағы Мыңбұлақ шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде таңғы 6-лар шамасында жарылыс болды.

Соның салдарынан бірнеше адам үйінді астында қалып, 3 адам көз жұмды. Алдын ала болжам бойынша, апат газ қауіпсіздігінің сақталмауынан деген пікір бар. Оқиғаның анық-қанығы тексеру жұмыстарынан кейін нақтыланады. Президент тапсырмасына сай, мемлекеттік комиссия құрылып, апаттың орын алу себебі мен ендігі атқарылар істі үйлестіруге пәрмен берілді. Төтенше жағдайлар комитеті тарапынан қажетті техника мен мамандар жұмылдырылды.

Тараздағы апат туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Үкімет басшысы Асқар Мамин шұғыл баяндады. Президент тапсырмасына сай құрылған комиссияны Премьер-Министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек бастап Таразды бетке алды.

Айта кетейік, апат болған үй 1948 жылы салынған. Жарылыстан 90 пәтерлік үйдің 1-подъезіндегі 15 пәтер зардап шеккен. Әсіресе 1-ші, 2-ші және 3-қабаттарда жарылыс жойқын болып, бетон плиталар опырылып түскен. Жақын маңдағы 47 мектепте зардап шеккен үйдің тұрғындарына ыстық тамақ ұйымдастырылды. Оқиға орнында 260 адам жұмыс істеп жатыр, 40-тан астам техника жұмылдырылған.

Дәл қазіргі уақытта оқиға болған жерде көпқабатты үйдің құлаған қабырғаларын көтеріп, тергеу жұмысына кедергі келтірмеу және қауіпсіздік үшін жұмыстар атқарылып жатыр. Ауруханаға түскен 6 адамның үшеуіне дәрігерлік көмек көрсетіліп, жағдайы дұрыс болғандықтан үйлеріне қайтарылды. Үш адам дәрігерлер бақылауында. Олардың біреуі 15 жастағы жасөсіпірім, жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. 

Хабар 24 телеарнасы