378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

2 проценттік ипотеканың шарттары қандай?

  • 299
  • UPD: 17:17, 28.02.2019
2 проценттік ипотеканың шарттары қандай? The Qazaq Times

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға берілетін ипотеканың шарттарын жариялады, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

«Аз қамтылған отбасыларға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы 20 жылға жеңілдетілген несие енгізіледі. Жылдық мөлшерлемесі 2% болады. Аталған несие келесі санаттар - төрт және одан көп баласы бар отбасыларға, мүгедек баласы бар немесе мүгедек баланы тәрбиелейтін отбасыларға және кәмелетке толмаған балалары бар толық емес отбасыларға беріледі. Екі жылда біз аталған санаттарға 22 мың жеңілдетілген займ беруді жоспарлап отырмыз», - деді Р.Скляр Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Министрдің сөзіне қарағанда, 22 мың ипотекаға үш жылдың ішінде республикалық бюджеттен 50 миллиард теңгеден бөлінетін болады.

Айта кетейік, кеше «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев табысы төмен отбасыларға 2-3 процентпен баспана сатыл алу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

«Табысы төмен көпбалалы және толық емес отбасыларға, мүгедек балалары бар, аз қамтылған отбасыларға пәтер сатып алудың қолжетімділігін арттыру қажет. Бұл санаттағы азаматтарға Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы жылдық 2-3 процентпен тұрғын үй заемын беру тетіктерін әзірлеуді тапсырамын. Ол үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне қаражат қажет болады және оған жыл сайын 50 млрд теңге бөлуді тапсырамын», - деді Н.Назарбаев.

Хабар 24 телеарнасы