378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада тұрғын үйдегі өрттен 25 адам эвакуацияланды

  • 249
  • UPD: 08:18, 01.03.2019
Астанада тұрғын үйдегі өрттен 25 адам эвакуацияланды tengrinews.kz

Астанада кеше 22:18-де Бұқар жырау көшесінде орналасқан «Камал-4» тұрғын үйінің үшінші қабатындағы пәтерде балкондағы үй заттары өртенген.

Өрт аумағы 15 шаршы метрді қамтыған.

Қызыл жалын 22:46-да тоқтатылып, 22:58-де толығымен сөндірілді, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

Тұрғындардың бір бөлігі өздігімен қауіпсіз жерге көшті.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 25 адамды, оның ішінде 10 баланы құтқарды. 11 адам медициналық көмекке жүгініп, бесеуі ауруханаға жатқызылды.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 23 адам мен 5 техника бірлігі жұмылдырылды.

Хабар 24 телеарнасы