378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада арнайы орнатылған құрылғы бір отбасының газдан улануына жол бермеді

  • 237
  • UPD: 18:06, 01.03.2019
Елордада арнайы орнатылған құрылғы бір отбасының газдан улануына жол бермеді

Төтенше жағдай «Көктал-2» тұрғын алабында болды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

«Бүгін сағат 12:15-те «112» қызметіне жедел жәрдем станциясынан «Көктал-2» тұрғын алабында Ақмола көшесіндегі үйлердің бірінде тұратын азаматтардың иіс газынан улану белгілерімен ауруханаға жатқызылғаны туралы хабарлама келіп түскен еді. Жедел жәрдемді сағат түнгі екіде шақырған әйелдің айтуына қарағанда түтіннің тым көп көлеміне дыбыс шығаратын арнайы құрылғының көмегімен қайғылы оқиғаның алдын алу мүмкін болған. Ұйқысынан оянған үш баланың анасы үйдің ішін желдетіп, қайтіп ұйықтауға жатқан екен. Таңертең ол екі баласын мектепке жіберіп, өзі 2009 жылы туған баласымен үйде қалады. Сәлден соң ол басының айналғанын, жүрегінің айнығанын сезген болатын», – делінген ведомствоның хабарламасында. 

Шамамен сағат 12:00-де жедел жәрдем бригадасы әйел мен оның баласын балалар ауруханасына жеткізді. Ауруханаға жатқызудың еш себебі болмаған соң дәрігерлер оны баласымен үйіне жіберген. Бұдан кейін әйел ересектерге арналған ауруханаға барып, өз денсаулығын тексерген. Қазіргі таңда ана мен бала өз үйінде. Дәрігерлердің айтуынша, олардың денсаулығына ешқандай зиян келмеген.

Еске салайық, арнайы датчиктерді аталмыш үйде Сарыарқа ауданы ТЖ басқармасының мамандары әкімдік қызметкерлерімен бірлесіп ақпан айында жеке секторда жүргізілген рейд барысында орнатқан.

Хабар 24 телеарнасы