378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында төрт адам газдан уланып көз жұмды

  • 298
  • UPD: 12:27, 02.03.2019
Түркістан облысында төрт адам газдан уланып көз жұмды Med36.com

Наурыздың 1 күні Түркістан облысы Төле би ауданының орталығы Леңғір қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен 4 адам газдан уланып қайтыс болды.

Тексеріс барысында 3-қабаттағы пәтерден бір отбасының үш мүшесі және 4-қабаттығы пәтерден бір әйелдің денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша, 3-қабаттағы пәтер иесі газ колонкасын орнатып, колонка түтіндігін вентиляция желісіне шығарған. Салдарынан газ үшінші қабаттан төртінші қабатқа жайылған. 

Оқиға орнында полиция және төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі таңда арнайы комиссия құрылып, анықтау жұмыстары басталды. Қайтыс болғандардың туған-туыстарына қажетті көмек берілетін болады.

Хабар 24 телеарнасы