378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астана әуежайының сайтына хакерлік шабуыл жасалды

  • 219
  • UPD: 13:52, 03.03.2019
Астана әуежайының сайтына хакерлік шабуыл жасалды

Хакерлік шабуылдан Астана әуежайының сайты уақытша қолжетімсіз болды. Бұл туралы ҚР Азаматтық авиация комитеті хабарлайды.

«2019 жылдың 3 наурызында сағат 00:37 минутта Астана әуежайының сайтына хакерлік шабуыл жасалып, сайт уақытша қолжетімсіз болды. Шабуылдың жасалғаны Талдау және кибершабуылды зерттеу орталығының WebTotem мониторингтік жүйесі арқылы анықталды», -делінген хабарламада. 

Комитет мәліметінше, әуежай сайты таңғы 10 сағат 20 минутта қайта қалпына келтіріліп, штаттық режимде жұмыс істеді. Шабуылдың әсерінен сайттың тек онлайн-тақтайшасы ғана қолжетімсіз болды, келеңсіздік әуежайдың жұмысына кедергі келтірген жоқ.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы