378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да аяғы ауыр кезінде қызылшаға шалдыққан әйелдің нәрестесі шетінеді

  • 236
  • UPD: 21:37, 04.03.2019

Солтүстік Қазақстан облысында қызылшамен ауырған жүкті әйелдің баласы шетінеп кетті. Бөлек бөлмеде жатқан келіншек мерзімінен бұрын босанып, бөбегінен екі күннен кейін айырылып қалды.

Нәрестенің салмағы 1 келіден асар-аспас болған. Дәрігерлердің айтуынша, сәбидің өліміне анасының жұқпалы ауруы себеп емес. Бала шала туған. Бүгінде облыс бойынша 101 адам қызылшаға шалдыққан. Денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері берген мәліметке сүйенсек, қазір ауруға қарсы 1 мың ғана вакцина бар. Сондықтан мамандар наурыз айына 16 мың екпеге тапсырыс берген.

Жанна Маутова, облыстық перинаталдық орталығының бас дәрігері:
- Жұқпалы аурулар ауруханасында жатқан ананың іші ауырып, бізге ауыстырылды. Ол бөлек бөлмеде босанды. Екі күннен кейін беті бері қарап, қайтадан емделуге жіберілді.

Хабар 24 телеарнасы