378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскеменде мылтық ұстап көше кезген азамат ұсталды

  • 338
  • UPD: 11:09, 05.03.2019

Сөзге келген тұрғындарды  ажыратуға тәртіп сақшылары да шақырылды.

Ал Петропавл қаласында 5 қабатты тұрғны үйдің тұбесі құлады.

Алматының Орталық стадионында өткен Суперкубок ойынынан кейін «Астана» және «Қайрат» командаларының жанкүйерлері төбелесті. Сөзге келіп қалған азаматтарды ажыратуға полиция қызметкерлері келген. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

Еске салсақ, елордалық команда жергілікті «Қайратты» 2:0 есебімен ойсырата жеңген.

Салтанат Әзірбек, облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі:

- Олардың барлығы полиция бөлімшесіне жеткізіліп, олардың аты-жөндері анықталып, бірінші кезекте түсіндіру жұмыстары жүргізілген болатын. Яғни бұл азаматтар қоғамдық қауіпсіздікті бұзбауға шақырылды.

Бесқабатты үйдің төбесі құлады

Петропавлда 165 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйдің шатыры опырылып ортасына түсті. Төтенше жағдай туралы ақпарат кезекші бөлімге күндізгі сағат он екі жарым кезінде түскен. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар аумақты бірден қоршауға алды. Үйдің төбесі ауыр қарды көтере алмаған. Өйткені 1983 жылы пайдалануға берілген нысан әбден ескірген екен. Қазір материалдық шығын есептеліп жатыр.

Ерсайын Альясов, қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің маманы:

- Пәтер иесі кооперативі төрағасы жұмысының салғырттығынан осындай жағдай орын алып отыр. Уақтылы шатырдан қарды тазалап тұру қажет еді. 400 шаршы метр аумақ қирады. Қазір енді оны қалыпқа келтіру үшін тұрғындардан қаржы жиналатын болады.

«Құқық тәртібі» жедел алдын алу шарасы

Семейде «Құқық тәртібі» жедел алдын алу шарасы кезінде 400-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Бір жұманың ішінде полицейлер шаһардағы арнайы есепте тұрған, бұрын істі болған азаматтар тексерілді. Сонымен қатар жер үйлерде темір-терсек жинаумен айналысатын тұрғындардың кәсібі қаншалықты заңға сай екендігі назарға алынды.

Елубек Оспанов, қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Сегіз заңсыз металл қабылдаумен айналысқан орын анықталды. Оның бесеуіне Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 463-бабы, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны туралы хаттама толтырылды және осы адамдарға қатысты кіріс басқармасына, жергілікті атқарушы билікке хабарлама түсті.

Коммуналдық апаттың нақты себебі анықталған жоқ

Павлодар қаласында төрт күн бұрын болған коммуналдық апаттың нақты себебі анықталмады. Мамандар ақау ауызсу және шаруашылық мақсатта су тарататын жүйелерде болған деген пікірде. Себебі, жылу желілерінің жұмысында олқылықтар жоқ. Құбырдың жарылған ошағын табу мақсатында 30-ға жуық тұрғын үй және әлеуметтік нысан судан ажыратылады.

Темір Қасқабаев, қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы:

- Бұл учаскеде техникалық құжаттамасы жоқ жарамсыз құбыр орналасқан. Сәйкесінше бұл жүйе біраз кедергі келтіріп отыр. Құбырдың жарылған жерін анықтау үшін су тарату жүйесін кезең-кезеңмен тексереміз. Қазіргі уақытта болжамды учаскелер анықталды. Сол себепті су тарату жұмысы уақытша тоқтатылады.

Коммуналдық апаттан бөлек осы аумақ тұрғындарының басқа мәселеге қатысты шағымдары көп. Қазіргі уақытта бұл жерде 10-ға жуық көпқабатты үйдің жертөлесі суға толған. Ал жақын маңдағы ақпараттық және бизнес колледжінің іргесі сөгіле бастаған. 

Еске салсақ, коммуналдық апат салдарынан 40-қа жуық тұрғын үй сусыз қалған.

Ольга Золоторева, қала тұрғыны:

- Су жиналғанда бұл жерден өту мүмкін емес. Қанша тұрғын зардап шегіп келеді. Жертөлелеріміз суға толып жатыр. Ертең күніміз не болмақ? Қорқатын болдық.

Өскеменде заңсыз сақталған екі тапанша мен мылтық тәркіленді

Өскеменде «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу шарасы  барысында заңсыз сақталған екі тапанша мен мылтық тәркіленді. Мәселен, «ТОЗ-16» мылтығы 11  рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған 40 жастағы  азаматтан көшеде жүрген жерінде алынды. Жалпы, тұрғындардың қолында заңсыз жүрген 10 қару табылған. Тәртіп сақшыларының айтуынша, қарулар азаматтарға туыстарынан қалған дүние болып шығады және қоймада немесе автокөлік тұрақтарында сақталады. Тұрғындардың көбі тіркелмеген қару үшін қылмыстық жаза қарастырылғанынан бейхабар.

Хабар 24 телеарнасы