378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда оқушының басына сүңгі құлап, ауруханаға түсті

  • 352
  • UPD: 21:45, 06.03.2019
Павлодарда оқушының басына сүңгі құлап, ауруханаға түсті Сибкрай

Павлодарда 16 жастағы жасөспірімнің басына шатырдан жарты метрлік сүңгі құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Оқиға Короленко көшесі, 355-үйдің жанында болған. Бала мектепке бара жатқан, сол кезде басына мұз кесегі түскен», – деді Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері. Жедел жәрдемге баланың жарақаты туралы хабар 13:25-те түскен.

«Бала 2003 жылы туған. Бассүйек-ми жарақатының жабық түрі, бас миының шайқалуы, төбе сүйегінің зақымдануы диагноздары қойылды. Қазір облыстық балалар ауруханасында жатыр», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.

Дәрігерлердің айтуынша, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мамандары шұғыл түрде отырыс өткізген. Оған баланың анасы да қатысты.

Хабар 24 телеарнасы