389,91 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астаналық өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды

  • 572
  • UPD: 23:45, 06.03.2019
Астаналық өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды

Бүгін «101» өрт сөндіру орталығына Қорғалжын шоссесі, 6 мекенжай бойынша орналасқан «Синоил» жанармай құю бекетінде өрт шыққаны туралы ақпарат келіп түсті  деп хабарлайды Елорда Инфо.

Оқиға орнына жедел түрде өрт сөндірушілер жетіп, КIA Sportage көлігі жанып жатқанын байқаған.

Өрт сөндірушілер тез арада өртті сөндіру арқылы жарылыстың алдын алғанымен, көлік толықтай жанып кеткен.

Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Хабар 24 телеарнасы