378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде құс фабрикасында өрт болды

  • 271
  • UPD: 17:51, 07.03.2019
Ақтөбеде құс фабрикасында өрт болды

Ақпаратқа сәйкес, «Рамазан» ЖШС-ға тиесілі құс фабрикасының аумағында орналасқан цех жанған. Цех жұмыртқаға арналған қаптамалар шығарады.

«Өрт қызметіне шақырту 6 наурыз күні сағат 23:49-да түскен. Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі мекемесінен 73 адам және 13 техника жіберілді. Апаттар медицинасы орталығы мен Жедел құтқару жасағынан да көліктер мен адамдар, жергілікті полиция қызметі барды», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінен. Жалын 600 шаршы метр аумақты шарпыған. Жараланғандар мен қаза тапқандар жоқ.

Хабар 24 телеарнасы