378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысында заңсыз сақталған мұнай қалдығы табылды

  • 314
  • UPD: 22:52, 07.03.2019

Маңғыстау облысындағы Жетібай ауылының маңынан заңсыз сақталған мұнай қалдығы анықталды. Екі жарым гектар жерге аса қауіпті 10 мың текше метр қалдық көмілген.

Бұл заңсыздық облыстық экология департаменті қызметкерлерінің жоспардан тыс тексеруі кезінде белгілі болды. Мұнай қалдықтарын өңдеумен айналысатын «Экотерра» компаниясы өз міндетін дұрыс атқармай, келген қалдықты жерге төге салған. «Бұл ауаны ластап, қоршаған ортаға зиян келтіреді» дейді экологтар. Қазір тексеріс жұмыстарының қорытындысымен жауапты мекеменің үстінен 6 бірдей әкімшілік іс қозғалып, жауапқа тартылды.  

Руслан Төкенов, облыстық экология департаменті басшысының м.а:

- «Экотрерра» ЖШС қатысты жүргізілген тексерумен қазіргі кезде қоршаған ортаға келтірілген залал есептелуде. Алдын ала есептеу бойынша қоршаған ортаға келтірілген залалдың құны 3 миллиард теңгеден артық болып отыр.

Хабар 24 телеарнасы