378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Степногорда көп қабатты үй өртінен 35 адам эвакуацияланды

  • 327
  • UPD: 22:47, 07.03.2019
Степногорда көп қабатты үй өртінен 35 адам эвакуацияланды

Степногор қаласында көп қабатты тұрғын үй өртеніп, 35 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Бұл туралы Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 7 наурызда болды. Өрт көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерлердің бірінен шығыпты.

«Өрт кезінде аталмыш пәтерде 3 бала болған. Абырой болғанда түтіннің иісін сезген көршілері балаларды құтқарып, 101 телефон нөміріне хабарласқан. Жалын 30 шаршы метр аумақты шарпыды. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер көрші пәтердегі өздігінен жүре алмайтын 3 әйелді құтқарды. Жалпы түттінің жайылуына байланысты сол маңдағы пәтерлерде тұратын барлығы 35 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі мен келтірілген материалдық шығын көлемі анықталып жатыр», - деді Ақмола облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Динара Есенбаева.

Хабар 24 телеарнасы