378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанадағы сауда орталығында әйелдің үстіне пальма құлап кетті

  • 288
  • UPD: 18:24, 09.03.2019
Астанадағы сауда орталығында әйелдің үстіне пальма құлап кетті sputniknews.kz

Желіде Астанадағы сауда орталықтарының бірінде декор пальмасы эскалаторға құлаған видеосы жарияланды.

Осының салдарынан сатып алушылардың бірі зардап шекті, деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Оқиға 8 наурызда шамамен 18:00-де болған. Видеода әйелді пальма басып қалғанын түсірілген. Сатып алушы әйел өздігінен тұра алмаған. Астана полицейлерінің мәліметінше, осы дерекке қатысты сотқа дейінгі шаралар ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы («Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету») бойынша жүргізіліп жатыр екен. 

«Қажетті сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу барысында оқиғаның мән-жайы анықталатын болады», – деді Астана ПД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Зардап шеккен әйел дене жарақатымен № 2 қалалық ауруханаға жеткізілді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Это где?

Публикация от ? (@incident_astana)

Хабар 24 телеарнасы