378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанадағы өрттен зардап шеккен екі адам ауруханаға түсті

  • 202
  • UPD: 17:15, 10.03.2019
Астанадағы өрттен зардап шеккен екі адам ауруханаға түсті

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған өрттен екі адам зардап шекті.

1970 жылы және 1973 жылы туған екі әйел түтіннен уланып, ауруханаға жеткізілді.

«Астанада Ш. Құдайбердіұлы көшесіндегі өрт салдарынан 1970 жылы 1973 жылы туған 2 әйел зардап шекті. Олардың жағдайы орташа, иістен уланғандықтан ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлайды Астана қаласы Төтенше жағдайдар департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, бүгін Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде өрт шығып, 25 адам, оның ішінде төрт бала құтқарылды. Жалын 20 шаршы метр ауданды шарпыған. Пәтерлердің бірінде жатын бөлмедегі жиһаз және тұрмыстық бұйымдар өртенген.

Хабар 24 телеарнасы