378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда ер адам өз үйінде өртеніп кете жаздады

  • 126
  • UPD: 15:16, 11.03.2019

Павлодарда ішімдікке сылқия тойған тұрғын өз үйінде тірідей өртеніп кете жаздады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Абырой болғанда, құтқарушылар оны аман алып қалды. Ал Петропавлда 70 келіден астам есірткінің жолы кесілді. Оны жергілікті азамат, саудаламақ болған.

Наурызда қалың қар түсті

Оралда аса ірі көлемде қар түсті. Мамандардың айтуынша, мұндай мол қар 1987 жылдан бері түспеген. Қазір қала аумағындағы қарды тазарту жұмыстары тәулік бойы толассыз жүріп жатыр. Оған 300 техника жұмылдырылған. Қалада тасқын қаупі бар. Сондықтан судың кедергісіз тез ағып кетуін қамтамасыз ететін 92 шақырымнан астам арық жүйесі тазартылды. Күн күрт жылынған жағдайда суды қауіпсіз жаққа ағызуға арналған сорғы құралдары мен қапшықтар да дайын тұр.

«Құқықтық тәртіп» шарасы қорытындыланды

Қызылордада құқықтық тәртіп операциясы қорытындыланды. Оған Полиция департаментінің барлық жеке құрамы қатысты. Бір апта ішінде тәртіп сақшылары ұсақ бұзақылық бойынша 733 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Өткен мереке күндері полицейлер өңір жолдарында және көшелерде бақылауды күшейтіп, аулалар қоғамдық орындарда рейдтік шаралар ұйымдастырылады.​

Азамат Оспанов, облыстық Полиция департаменті жпқ басшысының орынбасары:

- Осы іс-шараға ҚОПД барлығы 768 полиция қызметкері бөлінді. Оның ішінде учаскелік полиция, патрульдік полиция және жедел уәкілдер қатысады. Миграциялық полиция қызметкерлері. Осы 6 күнде құқықтық профилактикалық іс-шара арқылы 32 заңсыз қару тәркіленді, сонымен қатар 3200 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде 32 жүргізуші масаң күйінде автокөлік басқарып жүргені анықталды.

70 келіден астам есірткі тәркіленді

Петропавл қаласында 37 жастағы тұрғыннан 70 келіден астам есірткі тәркіленді. Полицейлердің айтуынша, күдікті марихуана есірткісін саудалау үшін сатып алған болуы мүмкін. Қазіргі уақытта ол қамауға алынды. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-тармағы бойынша тергеу жүргізіледі. Осы баптың санкциясы бойынша ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысынан 53 есірткі қылмысы тіркелген. 

Павлодарда 42 жастағы азамат өз үйінде өртеніп кете жаздады. Ішімдікке сылқия тойған тұрғын есеңгіреп пәтердегі шыққан жалынды да байқамаған. Көршілері есіктен шығып жатқан түтінді көріп, дер кезінде дабыл қаққан. Ал құтқарушылар пәтерге балкон арқылы кіріп, үй иесін аман-есен алып шықты. Өрт сөндірушілердің айтуынша, пәтерден арақтың 7 шөлмегі табылыпты. Ал жалынның неден шыққаны қазір анықталып жатыр. 

Хабар 24 телеарнасы