389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында жасөспірім жаттығу кезінде қайтыс болды

  • 711
  • UPD: 15:55, 11.03.2019
Қарағанды облысында жасөспірім жаттығу кезінде қайтыс болды tengrinews.kz

Қарағанды қаласында каратэдан жаттығу кезінде 14 жасар жасөспірім көз жұмды.

Оқиға болған уақытта жаттықтырушысы жанында болған. Қаза болған жасөспірім жекпе-жек барысында кеудесінен соққы алған. «Жедел жәрдем бригадасы жүргізген реанимациялық шаралар мен кардиологиялық орталыққа жеткізу амалдары да еш нәтиже бермеді», – деп отыр денсаулық сақтау басқармасы мамандары. Абай қаласының білім бөлімі берген ақпаратқа сүйенсек, жасөспірім кәсіби спортпен 10 жыл шұғылданған. Жекеменшік спорттық-сауықтыру кешеніне ата-анасының рұқсатымен Дубовка елді мекенін қатынап жүрген. Қазір бұл оқиға қатысты тергеу амалдары басталып кетті.

Жанатай Сембеков; облыстық ПД ресми өкілі:

– Болған оқиғаның толық мән-жайын және себеп-салдарын жан-жақты нақтылау мақсатында сотқа дейінгі тергеу басталып, қорытындысы бойынша жаттықтырушы мен жедел жәрдем қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.

Хабар 24 телеарнасы