378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Эйр Астана» ұшағындағы науқастың тырысқақ жұқтырғаны расталған жоқ

  • 124
  • UPD: 07:52, 12.03.2019
«Эйр Астана» ұшағындағы науқастың тырысқақ жұқтырғаны расталған жоқ

Астана әуежайында тырысқақ ауруын жұқтыруы мүмкін науқасқа қатысты ақпарат түскелі бері жағдай бақылауда. Елорда тұрғындарының денсаулығына қауіп төндірмеу үшін барлық қажетті шаралар атқарылуда. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

«Эйр Астана» әуе компаниясы агентінің хабарлауынша, Дели-Астана бағытындағы  КС-242 рейсінде тырысқақ ауруын жұқтыруы ықтимал азамат отыр деген хабар түсті.  Аталмыш рейс Астанаға 2019 жылдың 11 наурызы күні сағат 23:50-де қонған. Бортында 136 жолаушы бар. Қазіргі таңда аталған оқиға бойынша Астана қаласының және әуежайдың эпидемияға қарсы қызмет өкілдері тарапынан тиісті шаралар атқарылуда. Екі жедел жәрдем көлігі мен арнайы бригада дайын тұр», - делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы