378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында өрттен ер адам қаза тапты

  • 204
  • UPD: 12:27, 12.03.2019
Қостанай облысында өрттен ер адам қаза тапты

Лисаков қаласындағы бес қабатты тұрғын үйден өрт шығып, бір адам көз жұмды.

11 наурыз күні сағат 20:20-да Қостанай облысы ТЖД өртке қарсы қызмет пультіне Лисаков қаласындағы бес қабатты тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер автосаты арқылы 5 адамды құтқарды. Тағы 20 адам эвакуацияланды. Оның ішінде төртеуі бала.

«Өрт сағат 22:15-те толығымен сөндірілді. Оқиға орнында 1968 жылы туылған ер адамның мәйіті табылды. 3 қабаттағы пәтерде 1923 жылы туған әйелге иіс тиіп, ауруханаға жеткізілді. Өрттің алдын ала себебі темекі шегу кезінде отты абайсыз пайдалану», - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында. Өрт сөндіруге Қостанай облысы ТЖД жеке құрамынан 14 адам және 3 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.

Хабар 24 телеарнасы