388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Делиден Астанаға ұшып келген науқастың диагнозы 2 күнде анықталады – Ж.Бекшин

  • 620
  • UPD: 12:40, 12.03.2019
Делиден Астанаға ұшып келген науқастың диагнозы 2 күнде анықталады – Ж.Бекшин

Делиден Астанаға ұшып келген жолаушы қандай  ауруға шалдыққаны 2 күннен кейін нақты анық болады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне еліміздің Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті.

«Диагнозын нақтылау үшін оларға жұқпалы аурулар аруханасына жату ұсынылған еді. Науқастар ұзақ уақыт бойы келіспей қойды. Түптеп келгенде олар бактериологиялық-зертханалық зерттеуден өту үшін аурухаға жатқызылды. Содан кейін олар ересектерге арналған жұқпалы аурулар ауруханасында жеке орынға оқшауландырылып, сараптама алынды.  Нақты диагноз қою үшін полимеразалық тізбекті реакцияға, иммуноферменттік сараптамаға үш оң зерттеу қажет. Зерттеу классикалық әдіспен жүргізіледі. Нақты диагноз 2-3 күннен кейін қойылады. Алдын ала диагнозы: анықталмаған этиологияның өткір ішек инфекциясы. Бірақ біз тырысқақ күдігімен де жұмыс жасап жатырмыз», - деді ол.

Сонымен қатар Бекшин  науқас ұшып келген ұшаққа толықтай зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілгенін айтты.

«Әуежайдың барлық қызметі жұмыла жұмыс істеді. Ұшақ қонар алдында шұғыл штаб өтіп, түсіндіру жұмыстары үшін ұшақ қонатын орын анықталды. Жүктер, көлік, автобус зарарсыздандырылды. 30 минуттан кейін жолаушылар шекаралық бақылаудан өтуге жіберілді», - деді бас санитар дәрігер.

Естеріңізге сала кетсек, 11 наурыз күні сағат 23:50-де «Дели-Астана» бағытындағы КС-242 рейсі елорда әуежайына қонған. Бортында 136 жолаушы болды. «Эйр Астана» әуе компаниясының агенті олардың арасында тырысқақ ауруын жұқтыруы мүмкін азаматтың отырғанын хабарлаған. Бортсеріктер науқас - Украина азаматына бөлек дәретхана ұйымдастырып, оның өзге жолаушылармен байланысын мүмкіндігінше азайтқан.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім еткендей, елорда тұрғындарының денсаулығына қауіп төндірмеу үшін қажетті шаралар атқарылды. Министрліктің тиісті құрылымдарының барлығы жұмылдырылған. Халықтың денсаулығын қорғау мақсатында эпидемияға қарсы бірқатар кешенді іс-шаралар қарастырылған.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы