378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда жеке үйде болған өрттен 8 жастағы қыз құтқарылды

  • 202
  • UPD: 17:29, 14.03.2019
Қарағандыда жеке үйде болған өрттен 8 жастағы қыз құтқарылды

Қарағанды қаласындағы жеке үйлердің бірінде болған өрттен бір адам қаза болып, 8 жасар қыз бала құтқарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп жеткенше, баланы көршіcі алып шыққан. Өрт сөндірушілер келген уақытта жеке үйдің шатыры мен терезелері отқа оранып, үйдің ішіндегі жиһаз түгел өртеніп кеткен. Құтқарушылар үйдің ішінен ер адамның мәйітін алып шықты. Өрт аумағы 70 шаршы метрді құрайды. Қызыл жалынды ауыздықтауға жеке құрамның 35 қызметкері, 10 техника жұмылдырылды. Облыстық төтенше жағдай департаменті қыз баланы құтқарған Ырғыбаев Сайранды марапаттауға өтініш білдірді.

Фариза Байбосынова, Сайран Ырғыбаевтың жұбайы:

– Күйеуім қаладан келе жатып түтінді байқаған. Ол үйде баланың бар екенін біледі, өйткені біздің балалар бірге ойнайды. Үйге кіріп, қыз баланы далаға шығару кезінде өзінің де түтінге тұншығып қала жаздағанын айтты. Далаға шығу жолын әрең тапқан. Құтқарылған қыз үйде ағасының бар екенін айтты. Алайда көк түтінге оранған үйге қайта кіру мүмкін болмады.

Хабар 24 телеарнасы