377,65 427.65 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайда жер қатынастары бөлімінің басшысы пара алу күдігімен ұсталды

  • 202
  • UPD: 22:06, 13.03.2019
Қостанайда жер қатынастары бөлімінің басшысы пара алу күдігімен ұсталды

Қостанай қаласының мамандандырылған тергеу соты Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Азамат Амановқа қатысты санкцияны қарады.

Қостанай облысының мамандандырылған тергеу соты Қостанай облысы прокурорының орынбасары Қ.Мамаевпен келісу арқылы, СЖҚКД тергеу бөлімінің тергеушісі Ж.Өтепқалиевтің өтініші бойынша Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі мемлекеттік мекеме басшысына қатысты 2 айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына рұқсат берді,  - делінген облыстық соттың хабарламасында.

А. Аманов адамдармен алдын ала сөз байласу арқылы пара алды деген күдікпен ұсталып отыр.

Хабар 24 телеарнасы