378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жомарт Ертаев елге экстрадицияланды

  • 71
  • UPD: 14:24, 15.03.2019

Қазақстан Бас прокуратурасы Жомарт Ертаевты Ресейден экстрадициялады. Ол қазір Астананың тергеу изоляторына қамалды.

Айта кетейік, тура бір жыл бұрын кәсіпкерге қатысты халықаралық іздеу жарияланған болатын. Жомарт Ертаев 2011-2017 жылдар аралығында қызметін пайдалана отырып, банктен 144 миллиард теңге ұрлады деген күдікке ілінді. Сондай-ақ Бас прокуратура қызметкерлері Ертаевпен бірге ақша жымқырды деп 54 адамнан, оның ішінде 41 топ-менеджер мен банк қызметкерінен күдіктеніп отыр.

Дархан Дүйсембай, ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі:

-Тергеу барысында қабылданған шара нәтижесі бойынша, 15 миллиард теңге өтелді және 48 миллиард теңге тұратын мүлік тәркіленді. Қазіргі уақытта арнайы прокурорлар іс бойынша тергеуді аяқтады. Процеске қатысушылар материалдармен танысып жатыр Жомарт Ертаев Астананың тергеу изоляторына қамалды.

Хабар 24 телеарнасы