378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тараздағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды

  • 118
  • UPD: 20:03, 15.03.2019

Тараздағы жарылыстан жапа шегіп, ауруханаға түскен ауыр халдегі екі науқастың бірі бүгін қайтыс болды.

64 жастағы Арапбек Сағынбековтың өміріне дәрігерлер екі апта бойы  араша түскенімен, аман алып қалу мүмкін болмады. Оқыс оқиғада зейнеткердің тыныс алу жолдары мен денесінің елу процент күйік шалған. Содан бері жансақтау бөлімінде жатқан оның жағдайы жақсармады.

Естеріңізге сала кетсек, жарылыс Тараз қаласындағы 9-шағын аудандағы көп қабатты тұрғын үйде болған еді. Қайғылы жағдайдан үш адам қаза болып, екеуі ауыр халде ауруханада жатқан. Олардың бірі 64 жастағы Арапбек Сағынбеков бүгін көз жұмды. Ал екіншісі Аида Төлегенова болса, ауруханада әлі күнге дейін ес-түссіз жатыр.

Әбілсейіт Сыдықов, Тараз қалалық №2 ауруханасы күйік бөлімінің меңгерушісі:

- 27 ақпан күні таңғы сағат 7:15-те жедел жәрдеммен келіп түскен болатын, келіп түскенде науқастың жарақаты өте ауыр болғандықтан, науқасымыз қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы