378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордадағы екіқабатты ғимаратта жарылыс болды

  • 180
  • UPD: 23:39, 15.03.2019

Астанадағы Алаш тасжолының бойында жарылыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Алдын ала мәлімет бойынша, екіқабатты нысанда газ жарылған. Әзірге қаза тапқандар туралы дерек жоқ. Белгілісі, бір адам ауыр жарақат алған. Денесінің 80 процентін күйік шалған. Жарылыс кезінде ғимаратта төрт адам болған. Оның екеуі үйінділер арасынан өздері шықса, біреуі әлі үйінділер астында. Құтқарушылар іздестіруде.

Оқиға орнына жеке құрамнан 22 адам мен Астана ТЖД-нің 6 өрт сөндіру бірлігі жөнелтілген.

 

Хабар 24 телеарнасы