384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада болған жарылыс орнына әкім барды

  • 800
Астанада болған жарылыс орнына әкім барды

Оқыс оқиға салдарынан үш адам зардап шекті, олар ауруханаға жеткізілді.

Қазір оларға дәрігерлер шұғыл көмек көрсетіп, қажетті ем шараларын жасауда, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

15 наурыз күні сағат 17:06 кезінде Астана ТЖ департаменті пультіне Алаш тас жолы бойындағы «МолПродуктсервис» ЖШС-нің екі қабатты ғимаратында газ баллонының жарылғандығы туралы ақпарат келіп түсті. Сағат 17:14 шамасында өрт сөндірушілер жеткен уақытта  бірінші және екінші қабат арасындағы төбе бөлігі опырылып түскендігі анықталды. Белгілі болғандай, жарылыс салдарынан шамамен 300 шаршы метр аумақ жер опырылған.

Үш адам зардап шекті, олар ауруханаға жеткізілді. Қазір оларға дәрігерлер шұғыл көмек көрсетіп, қажетті ем шараларын жасауда.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға орнына жеке құрамнан 22 адам мен 6 арнайы техника тартылды.

Төтенше жағдай орын алған жерге Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов, ҚР ІІМ ТЖК төрағасы Владимир Беккер, Астана қаласы ТЖД басшысының уақытша міндетін атқарушы Марғұлан Аманбаев пен Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Каналимов келіп жетті.

Хабар 24 телеарнасы