377,65 427.65 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордадағы төтенше оқиға: құтқарушылар үйінділер астынан бір адамды іздеп жатыр

  • 205
  • UPD: 23:50, 15.03.2019

Астанада жарылыс болған екіқабатты ғимаратта құтқару жұмыстары әлі жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар үйінді астында қалған бір кісіні таба алмай жатыр. Қазір оқиға орнында 20-дан астам адам мен 10-ға жуық теxника жұмыс істеуде. Айта кетейік, жарылыс кезінде ғимаратта барлығы 4 адам болған. Оның үшеуі ауруxанаға жеткізіліп, қажетті медициналық көмек көрсетілді. Қазір жарылыстың нақты неден болғаны анықталуда. Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне қарағанда, нысанда газ жарылған. Оның қатты болғаны соншалық, ғимараттың шатыры опырылып түскен. Әзірге қаза тапқандар туралы дерек жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша,  жалын аумағы 300 шаршы метрді құраған.  

Нұрділдә Ораз, ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі:

- Бірінші, екінші қабаттардағы плиталар құлап, ішінде болған адамдар, қазір 3 адам шығарылып, олар ауруханаға жеткізілді. Ол үшеудің екеуі өз бетімен шыққан. Бірақ біреуі қазір 80 пайыз жарақат алып, ауруханада жатыр. Бұл іске қатысты тексеру амалдары жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы