375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанадағы төтенше жағдай: әйел адамның мәйіті табылды

  • 213
  • UPD: 12:48, 16.03.2019
Астанадағы төтенше жағдай: әйел адамның мәйіті табылды

Кешегі жарылыстан құлаған ғимаратты аршу кезінде құтқарушылар әйел адамның мәйіті тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Төтенше жағдайлар комитеті дене түнгі бірдің кезінде табылғанын мәлімдеді. Естеріңізге салайық, кеше Астанада жарылыс болып екі қабатты ғимаратта құтқару жұмыстары басталды. Мәйіт табылды. Оқиға орнында 20-дан астам маман мен 10-ға жуық теxника жұмыс істеуде. Айта кетейік, жарылыс кезінде ғимаратта барлығы 4 адам болған. Оның үшеуі ауруxанаға жеткізіліп, қажетті медициналық көмек көрсетілді. Қазір жарылыстың нақты неден болғаны анықталуда. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне қарағанда, нысанда газ жарылған. Оның қатты болғаны соншалық, ғимараттың шатыры опырылып түскен.

Бұған дейін мамандар үйінді астында қалған бір кісіні таба алмай жатыр деген дерек шыққан болатын.

Хабар 24 телеарнасы