375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында банк қызметкері жұрттың атынан несие алған

  • 158
  • UPD: 23:51, 16.03.2019
Қостанай облысында банк қызметкері жұрттың атынан несие алған

Қостанай облысында азаматтарды алдап, несие алған алаяқты полиция қолға түсірді. Оқиға Лисаков қаласында болған.

«25 жастағы банк қызметкері клиенттердің құжаттарының көшірмесін жасаған. Содан соң сол құжаттар арқылы шағын несие алып отырған. Ақшаны жеке мақсаттарына жұмсаған» делінген полицейлер таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта полицияға банк қызметкерінің құрбаны болған 4 жәбірленуші арыз жазды. Күдікті Лисаков тұрғындарына жалпы сомасы 500 мың теңге зиян келтірген. Қазір осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы