378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да тұрғын үй қазандығы жарылды

  • 188
СҚО-да тұрғын үй қазандығы жарылды inform.kz

СҚО Аққайың ауданының орталығы Смирново елді мекенінде тұрғын үйдің қазандығы жарылды.

СҚО Төтенше жағдай департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға наурыздың 16 күні күндізгі он бірлер шамасында болған. «Новостройка» тұрғын үй кооперативіне қарайтын Суворов көшесі, 73 мекенжайындағы 2 қабатты 18 пәтерлік екі үйдің бөлек тұрған қазандығы жарылған. Салдарынан ғимараттың шатыры мен қабырғаларына зақым келді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Мамандардың айтуынша, отын-көмірмен жылытылатын қазандықтың алдын ала болжам бойынша, салқындатқыш сұйықтығы қызып кетуі мүмкін. Оқиға орнында төтенше жағдай бойынша аудандық бөлімнің мамандары мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерінен құралған топ жұмыс істеді. Ал 3,5 сағаттан кейін жылыту жүйесі қалпына келтірілді. 

Ақпарат көзі: inform.kz

Хабар 24 телеарнасы