379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды

  • 245
  • UPD: 23:36, 18.03.2019
Ақтөбе облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды Baribar.kz

Бүгін Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында ірі жол апаты болып, 3 адам қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңажол-Северная труба тасжолы бойында автобус пен су таситын көлік соғылып қалған. Қоғамдық көлікте күзет компаниясының қызметкерлері болған. Апат салдарынан автобус жүргізушісі мен 2 жолаушы көз жұмды. Қалғандары жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілген. Оқиғаның себеп-салдары тексеріліп жатыр. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Хабар 24 телеарнасы