389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстауда ірі жол апатынан 11 адам зардап шекті

  • 664
  • UPD: 16:59, 20.03.2019
Маңғыстауда ірі жол апатынан 11 адам зардап шекті aif.md

Шетпе-Жетібай бағытында жолдағы көлік апатынан 11 адам зардап шекті, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 19 наурызда кешкі сағат 17:00 шамасында болған. Бірнеше жеңіл автокөлік соқтығысып қалған. Жол апатынан зардап шеккендер Жетібай ауылдық ауруxанасына жеткізілді.

2 ер адам апаттан қаза тапқан. Ал, тағы бір жігіт қазір ауыр xалде жансақтау бөлімінде жатыр.

Оның миы шайқалып, басына зақым келген. Тағы 3 әйел әр түрлі жарақатпен облыстық ауруxанаға жеткізілді.

Зардап шеккендер арасында туғанына 19 күн болған сәби де бар. Бала қазір дәрігерлердің бақылауына алынды.

Хабар 24 телеарнасы