379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда зейнеткерді өлтіріп кеткен күдіктілер ұсталды

  • 214
  • UPD: 10:22, 22.03.2019
Қостанайда зейнеткерді өлтіріп кеткен күдіктілер ұсталды onlinetambov.ru

Қостанай облысының полиция қызметкерлері Меңдіқара ауданында зейнеткерге қарақшылық шабуыл жасағандарды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Меңдіқара аудандық полиция бөліміне ер адамның зорлық-зомбылықпен өлтірілгені туралы хабарлама түскен.

«14 наурызда 72 жастағы зейнеткердің пәтеріне екі белгісіз азамат баса көктеп кіріп, жәбірленушіге дене жарақатын салған, азық-түлік, ұялы телефон және ақшасын ұрлап кеткен. Дене жарақаты салдарынан зейнеткер оқиға орнында көз жұмды», - делінген облыстық Полиция департаменті таратқан хабарламада.

Тергеу іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері Қостанай ауданының аумағында жасырынған екі күдіктіні ұстады. Сот күдіктілерді күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Хабар 24 телеарнасы