384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысындағы мұнай кен орнында өрт болды (видео)

  • 754
  • UPD: 12:05, 25.03.2019

Желіде Маңғыстау облысындағы «Қаламқас» кен орнында болған өрттің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz.

ҚР ТЖ комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовтың айтуынша, оқиға 25 наурызда таңғы 07:10-да өңірлік ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметіне өрт туралы хабар түскен.

«Маңғыстау ауданында «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ «Қаламқас» кен орнындағы мұнай ұңғымасында 900 шаршы метр алаңда биіктігі 10 метр грифонның газ су аралас ашық түрде жанаған. Зардап шеккендер және қаза тапқандар жоқ», - деді Нұрахметов.

«Өрт сөндіруге мемлекеттік емес «Семсер Өрт сөндіруші» және «Қаражанбас» өрс сөндіру компанияларының 14 жұмысшысымен төрт арнайы техника жұмылдырылған.

Хабар 24 телеарнасы