377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мұнай кен орнында болған өртке байланысты жедел штаб құрылды

  • 187
  • UPD: 17:10, 25.03.2019
Мұнай кен орнында болған өртке байланысты жедел штаб құрылды inform.kz

Қаламқас мұнай кен орнында ұңғымадан шыққан өртке байланысты жедел штаб құрылды.

Бұл жайында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахмет айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Төтенше жағдай орнында Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Қ.Базарбаевтың басшылығымен жедел штаб құрылды. Өртті сөндіруге Маңғыстау облыстық ТЖД жеке құрамының 25 маманы мен 7 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған», - деді Н.Нұрахмет.

Бұған дейін «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ-тың «Қаламқас» мұнай кен орнындағы ұңғымалардың бірінен шыққан газ жанып, биіктігі 10 метрге дейін жететін жалын атқылап тұрғандығын хабарлаған боламыз.

Айта кетейік, «Қаламқас» мұнай-газ кен орнында «Си Бу» инженерлік бұрғылау компаниясы» ЖШС жобалық тереңдігі 903 метрлік №8237 ұңғымасын бұрғылау барысында газ-су қоспасы атқылап, төтенше жағдай орын алған еді.

Хабар 24 телеарнасы