376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанадағы ірі жол апатынан зардап шеккен 25 адам ауруханаға жеткізілді

  • 328
  • UPD: 15:31, 26.03.2019
Астанадағы ірі жол апатынан зардап шеккен 25 адам ауруханаға жеткізілді

Нұр-Сұлтанда автобустардың қатысуымен болған жантүршігерлік жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен 25 адам ауруханаға жеткізілді.

Бұл туралы астана әкімінің баспасөз хатшысы хабарлады.

«Жол апаты 09:14-те үш автобустың, екі жеңіл көлік пен жедел жәрдем көлігінің қатысуымен болды. Қазіргі уақытта автобустардан барлық жолаушылар шығарылды. Зардап шеккенден №2 қалалық ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша екі адам көз жұмып, тағы 25 адам зардап шеккен», деп хабарлады әкімнің баспасөз хатшысы Эльвира Жургенбаева.

Естеріңізге сала кетейік, 26 наурыз күні Ұлы Дала мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысында үш автобустың және жеңіл көліктердің соқтығысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Қала маңы бағдарындағы №303 автобус №12 бағдардағы жолаушылар көлігімен соқтығысты. Осының екпінімен олар №53 автобусқа және жедел жәрдем көлігіне барып соғылды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елордада автобустар апатынан екі адам көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы