389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтандағы ірі жол-көлік оқиғасының видеосы пайда болды

  • 737
  • UPD: 15:31, 26.03.2019
Нұр-Сұлтандағы ірі жол-көлік оқиғасының видеосы пайда болды видеодан алынды

Желіде үш автобус, екі жеңіл көлік пен жедел жәрдем көлігінің қатысуымен болған ірі жол апатынан видеосы пайда болды.

Естеріңізге сала кетейік, 26 наурыз күні Ұлы Дала мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысында үш автобустың және жеңіл көліктердің соқтығысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Қала маңы бағдарындағы №303 автобус №12 бағдардағы жолаушылар көлігімен соқтығысты. Осының екпінімен олар №53 автобусқа және жедел жәрдем көлігіне барып соғылды.

Жантүршігерлік жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен 27 адам ауруханаға жеткізілді.

Қайғылы оқиғадан екі адам: автобус жүргізушісі мен 26 жастағы әйел көз жұмды.

25 адам қалалық №2 көп салалы ауруханаға жеткізілді, оның 4-інің жағдайы ауыр. Үш пациентке операция жасалуда, 3 пациент интенсивті терапия бөлімшесінде жатыр.

Жедел жәрдем көлігінің фельдшері №1 қалалық аурухананың нейрохирургия бөлімшесіне түсті.

«Нұр-Сұлтан қаласының орталық жол ауруханасына» 1 адам тізе жарақатымен жеткізілді. Оның жағдайы қанағаттанарлық.

Хабар 24 телеарнасы