389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда шіркеуден ақша ұрлаған күдікті ұсталды

  • 469
  • UPD: 17:26, 26.03.2019
Нұр-Сұлтанда шіркеуден ақша ұрлаған күдікті ұсталды news.rambler.ru

Шіркеу сейфінен ақшаны қолды қылған күдікті көп ұзамай құрықталды.

Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдейді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Астаналық полиция қызметкерлері шіркеу сейфінен ақша ұрлаған күдіктіні ұстады. Ұрлықшы бейнебақылау көмегімен үй аулаларының бірінен қолға түсті. 29 жастағы Ақмола облысының тұрғыны бұрын істі болған», - делінген департамент хабарламасында.

Тексеру барысында анықталғандай ер адам ұрлықты түндетеліп, шіркеу есігін сындырып кіріп сейфтегі ақшаны қолды қылған.

«Күдікті өз ісін мойындады және сейф ақшасымен бірге кері қайтарылды», - деп мәлімдейді ПД.

Күдікті Астана қаласы ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды және ҚР ҚК 188 (ұрлық жасау) бабына сәйкес сот алды тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, ұсталған азаматтың бұрын жасалған басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Хабар 24 телеарнасы